Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский Ресей әскері Чернобыль атом электр станциясын басып алуға тырысып жатқанын хабарлады

Опубликовано:

Әскер
Көрнекі фото: pixabay.com

Украина президенті Владимир Зеленский өзінің Twitter парақшасында Ресей әскері Чернобыль атом электр станциясын басып алуға тырысып жатқанын айтты.

"Ресейдің басқыншы әскері Чернобыль атом электр станциясын басып алуға тырысуда. Біздің қорғаушыларымыз 1986 жылғы трагедия қайталанбас үшін өз өмірлерін беруде", - деді Украина президенті.

Сонымен қатар, ол бұл туралы Швеция премьер-министрі Магдалена Андерссонға хабар бергенін атап өтті.

"Бұл бүкіл Еуропаға қарсы жарияланған соғыс", - деді Владимир Зеленский.

Еске сала кетсек, бұған дейін Украина президентінің кеңсесінің басшысы Михаил Подоляк Ресей тарапының келіссөздерден бас тартқанын хабарлаған еді.

"Олар өздері үшін қауіпті шешім қабылдады және қандай да бір жауапкершілікті сезініп, келіссөздерге келгенше, бұл шешімді шұғыл орындауға тырысады", - деді Подоляк.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957814-zelenskii-resei-askeri-cernobyl-atom-elektr-stanciyasyn-basyp-aluga-tyrysyp-zatqanyn-xabarlady/

pixel