jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Украина Ресейдің келіссөз жүргізу туралы ұсынысын қабылдады

    Украина астанасы
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен келіссөз жүргізуге келісті.

    Украина басшысының баспасөз хатшысы Сергей Никифоровтың Facebook парақшасында хабарлауынша, қазір Киев келіссөздердің өтетін уақыты мен орны бойынша Мәскеумен кеңесіп жатыр.

    "Украина атысты тоқтату және бейбітшілік туралы сөйлесуге дайын болды және дайын болып қала береді. Бұл - біздің тұрақты ұстанымымыз. Біз Ресей Федерациясы президентінің ұсынысына келісім бердік", - деп жазды ол.

    Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк та Зеленский мен Путиннің Украинаның бейтарап мәртебесін талқылайтынын жоққа шығармады.

    "Менің ақпаратым бойынша, ертең таңертең олардың қашан және қайда өтетіні белгілі болады деп ойлаймын. Израиль премьер-министрі делдал болуға келісе ме, жоқ па, бұл әлі белгісіз", - деп келтіреді оның сөзін РИА Новости.
    Украина Ресейдің келіссөз жүргізу туралы ұсынысын қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.