jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Еуроодақ Путин, Лавров және Медведевті санкциялар тізіміне қосты

    Путин
    Владимир Путин. Фото: Facebook

    Еуроодақ Ресей президенті Владимир Путин, Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және басқа да жоғары лауазымды ресейлік шенеуніктерді санкциялар тізіміне енгізді.

    Ресей көшбасшысы Владимир Путин мен Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Еуропалық Одақтың шектеу шараларының тізіміне енді.

    Бұл туралы РИА Новости ЕО ресми журналында жарияланған құжатқа сілтеме жасап хабарлайды.

    Еуроодақтың санкция салатын адамдар тізіміне Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев, премьер-министр Михаил Мишустин, ішкі істер министрі Владимир Колокольцев және басқа да бірқатар ресейлік шенеунік кіреді.

    Одан бөлек, Еуропалық Одақ Ресей үкіметі мен Орталық банкіне Одақтың капитал нарығына кіруге шектеулер қойып, мұнай өнеркәсібіне арналған технологиялар мен авиация және ғарыш саласына қажетті тауарлар мен технологияларды Ресейге экспорттауға тыйым салды.

    Сондай-ақ Ресеймен сауда-саттық және елге инвестиция тарту үшін мемлекеттік қаржыландыру немесе қаржылық көмек көрсетуге тыйым салу шарасы енгізілді.

    Айта кетерлігі, бұған дейін АҚШ пен Ұлыбританияның Ресей президенті Владимир Путин мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа қарсы санкция салып жатқаны белгілі болды.

    Еуроодақ Путин, Лавров және Медведевті санкциялар тізіміне қосты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.