Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уәли: Тоқаев ел азаматтарын Украинадан эвакуациялауға қатысты жағдайды жіті қадағалап отыр

Опубликовано:

Тоқаев Украиндағы қазақстандықтардың эвакуациялануын жіті бақылап отыр
Фото: https://www.facebook.com/Берік Уәли

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялауға қатысты жағдайды жіті қадағалап отыр. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тағы ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялауға қатысты жағдайды жіті қадағалап отыр", - деп жазды мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Берік Уәлидің хабарлауынша, бүгін, 28 ақпан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевтығ азаматтарымызды елге жеткізу үшін қабылданған шаралар жөнінде есебін тыңдады.

"Жалпы Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігінің, елшіліктер қызметкерлерінің және Қазақстанның Украина мен Польшадағы құрметті консулдарының түрлі қиындықтарға қарамай, атқарып жатқан жұмыстарын оң бағалайды", - делінген жазбада.

Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі Катовице (Польша) – Атырау – Алматы бағыты бойынша репатриациялық рейстерді ұйымдастыру мәселесі пысықталды. Қазақстан азаматтарын елге жеткізетін бірінші рейс бүгінге жоспарланған.

"Азаматтарымызды Украинадан алып келуге қатысты мәселе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында", - деп қорытындылады Берік Уәли.

Бұған дейін 28 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанның 241 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өткендігі хабарланған болатын.

Сондай-ақ, Air Astana компаниясының қазақстандықтарды эвакуациялауға бағытталған ұшағы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:33-те Польшаға қонғаны белгілі болды.

Кейін Украинадағы қазақстандықтар үшін репатриациялық рейстердің кестесі пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958436-uali-toqaev-el-azamattaryn-ukrainadan-evakuaciyalauga-qatysty-zagdaidy-ziti-qadagalap-otyr/