"Нәтижелерді күтіп отырмыз": Лукашенко Украинадағы жағдай туралы пікір білдірді
Жарияланған күні:
Беларусь президенті Александр Лукашенко өз елінің министрлерімен және Қауіпсіздік кеңесі мүшелерімен өткен кездесуде Украинадағы жағдайға қатысты өз ойын айтты. Екі ел арасындағы қақтығыс планетарлық деңгейге дейін ушығып кетпейді деген үміттемін, деп пікір білдірді ол. Лукашенконың аталған жиында сөйлеген сөзі баспасөз қызметінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бүгін, 1 наурыз күні Лукашенко Беларустың Қауіпсіздік кеңесі мүшелерімен және Министрлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кездесуде Украинадағы жағдайды сөз еткен президент жағдай планетарлық деңгейге дейін ушығып кетпейтініне үміттенетінін айтты.
"Планетарлық деңгейде ушығып кетпесе екен. Бұл қақтығыс 2014 жылдан да бұрын басталған. Бірақ дәл сол жылы бұл мәселе қарулы қақтығыс деңгейіне жеткен еді. Бірақ оның ар жағындағы себеп қандай?", - деді Лукашенко.
Оның айтуынша, Беларусь мемлекетінің әскері әскери іс-қимылдарға қатыспаған және оны дәлелдеуге болады.
"Бұл ретте Беларусь әскері әскери іс-қимылдарға қатысқан жоқ және қатысып та жатқан жоқ. Біз мұны кімге болса да дәлелдей аламыз", - деді ол.
Сонымен бірге, Ресей үкіметі бұл мәселе бойынша оларға жүгінбегенін айтты.
"Әлі де Украинадағы арнайы операцияға қатысуға ниетті емеспіз. Оның қажеттілігі жоқ", - деді Лукашенко.
Қазіргі таңда Беларусь елі қантөгісті тоқтату үшін барын салуда.
"Зеленскиймен және Путинмен телефон арқылы тілдескен кезде қауіпсіздік пен барлық қажетті дүниемен қамтамасыз етуге жеке өзім уәде беріп, Беларусь елінің аумағында бұл келіссөздерді ұйымдастырғаныма қуанамын (бұл оңай болған жоқ). Нәтижелерді күтеміз", - деді Александр Лукашенко.
Беларусь президентінің айтуынша, Ресей мен Украина келесі келіссөздерді Беларусь пен Польша шекарасында өткізуге уағдаласып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958652-natizelerdi-kutip-otyrmyz-lukasenko-ukrainadagy-zagdai-turaly-pikir-bildirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.