Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттер басшылары екі елдің экономикалық жағдайы мен сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі ахуалға қатысты келіссөздер барысында ортақ келісімге қол жеткізудің аса маңызды екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Аманат партиясының кезектен тыс съезінде Украинада орын алған жағдайға қатысты пікір білдіріп, екі елді өзара келісімге келуге шақырған еді.

"Екі мемлекетті келіссөз үстелінде ортақ тіл табуға, уағдаластық пен келісімге келуге шақырамыз. Басқа амал жоқ. Жанжалдан гөрі нашар болса да, татулық артық. Бейбітшілік болмаса, даму да болмайды. Қазақстан өз тарапынан барлық көмек түрлерін, соның ішінде делдалдық қызмет көрсетуге дайын. Егер, әрине, олар қажет болса", - деген еді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958920-toqaev-putinmen-telefon-arqyly-soilesti/

pixel