Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Nur Otan партиясы Amanat партиясы ретінде қайта тіркелді

Опубликовано:

Аманат
Фото: facebook.com / Асхат Оралов

AMANAT партиясын мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілді. Бұл туралы партия ресми сайтында хабарлады.

"Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға толық сәйкес келеді. Қайта тіркеу "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізілді", - делінген хабарламада.

AMANAT партиясының мәліметінше, қазіргі уақытта тиісті брендбук дайындалып жатыр. Сондай-ақ, партияның ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарын визуалды түрде жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, 1 наурызда өткен Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезінде мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Nur Otan партиясының атауын "Аманат" деп өзгерту туралы ұсыныс жасаған болатын. Президент бұл ұсынысты қолдайтынын айтты.

Кейінірек, Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов партияның атауы ресми түрде "Аманат" деп өзгертілгенін хабарлап, жаңа логотипті жария еткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958935-nur-otan-partiyasy-amanat-partiyasy-retinde-qaita-tirkeldi/

pixel