Қазақстанда қолайсыз күн райына байланысты бірнеше автожол жабылды
Жарияланған күні:
Күн райының күрт бұзылуына байланысты Қазақстанның төрт облысындағы автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 17 сәуірде таңғы сағат 7:30-да Қазақстанның екі аймағында көліктің барлық түрі үшін мынадай тас жолдар жабылған:
- Ұлытау облысында – "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті" автожолының 433-788 шақырымы аралығы (Жезқазған қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейін);
- Қарағанды облысында – "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті" автожолының 788-906 шақырымы аралығы (Ұлытау облысының шекарасынан Топар ауылына дейін).
Жоларды 17 сәуір сағат 11:30-да ашу жоспарланған.
Сондай-ақ Абай облысында 09:00-ден бастап келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін уақытша шектеу енгізілген:
- "ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы" автожолының 756-906 шақырым аралығы (Семей қаласы – Қалбатау ауылы);
- "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 778-967 шақырым аралығы (Аягөз қаласы – Қалбатау ауылы).
- "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 971-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы – Шығыс Қазақстан облысының шекарасы);
- "Өскемен – Семей" автожолының 103-198 шақырым аралығы (Шығыс Қазақстан облысының шекарасы – Семей қаласы);
- Сағат 10:00-ден бастап "ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы" автожолының 910-1002 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылы – Көкпекті ауылы).
Жолдарды 17 сәуір сағат 14:00-15:00-де ашу жоспарланған.
Сонымен қатар сағат 09:00-ден бастап ШҚО-да келесі автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің (жазғы дөңгелекпен жабдықталған барлық көлік үшін) қозғалысына уақытша шектеу қойылған:
- "Өскемен – Семей" автожолының 12-45 шақырым аралығы (Казачье ауылы – Таврия ауылы);
- "Өскемен – Семей" автожолының 48-103 шақырым аралығы (Таврия ауылы – Абай облысы шекарасы);
- "Өскемен – Риддер – РФ шекарасы" автожолының 0-105 шақырым аралығы (Өскемен қаласы – Риддер қаласы);
- "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары" автожолының 7-166 шақырым аралығы (Ушановское ауылы – Алтай қаласы);
- "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 1089-1191 шақырым аралығы (Өскемен қаласы – Алтай қаласы);
- "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 1013-1062 шақырым аралығы (Абай облысы шекарасы – Рубеж кенті).
Жолдарды 17 сәуір сағат шамамен 14:00-де ашу жоспарланған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2366808-qazaqstanda-qolaisyz-kun-raiyna-bailanysty-birneshe-avtozhol-zhabyldy/