Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҰҰ өкілі: Әскери операциялар басталғалы бері Украинадан миллионнан астам адам кетті

Опубликовано:

Украинадан миллионнан астам адам кетті
Илюстрациялық сурет: https://pixabay.com

Біріккен ұлттар ұйымының босқындар құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Филиппо Гранди Twitter-дегі ресми парақшасында арнайы әскери операция басталған уақыттан бері Украинадан бір миллион адам кеткенін айтты.

"Небәрі жеті күннің ішінде біз Украинадан көрші елдерге миллион босқынның келуіне куә болдық", - деді Гранди.

Ол халыққа гуманитарлық көмек көрсету үшін Украинадағы әскери әрекеттерді тоқтатуға шақырды.

"Украинаның миллиондаған тұрғыны үшін соғыс қимылдарын тоқтататын кез келді. Сонда гуманитарлық көмек көрсетіледі", - деді Гранди.

Естеріңізге сала кетейік, Зеленский өзінің бейне-хабарламасында Украинадағы оқиғалар басталғаннан бері қайтыс болған ресейлік сарбаздардың саны тоғыз мың адамды құрағанын айтты.

Бұған дейін Ресейдің Қорғаныс министрлігі қайтыс болған әскер саны тек 498 адамды құрайды деп мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959009-buu-okili-askeri-operaciyalar-bastalgaly-beri-ukrainadan-millionnan-astam-adam-ketti/

pixel