Қазақстанда рэпер Navai-дың қамауға алынғаны расталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бұған дейін БАҚ-та Қазақстанда ұсталған ресейлік рэпер Navai-дың сот санкциясымен екі айға қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған еді. Бұл мәліметті Жамбыл облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, 13 қазанда "Қордай" шекара бекетінде полиция қызметкерлері ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, Navai лақап атымен танымал шетелдік азаматты ұстады.
"Ол мінген көлікті тексеру кезінде есірткі заты табылып, тәркіленді", - деп түсіндірді Жамбыл облысының полиция департаменті.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің контрабанда және есірткі заттарын заңсыз сақтауға қатысты екі бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Күдіктіге қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/2443126-qazaqstanda-reper-navai-dyng-qamauga-alyngany-rastaldy/