Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сенім артуларыңызды сұраймын": Макрон екінші рет Франция президенті болуға ниетті

Опубликовано:

Эммануэль Макрон
Эммануэль Макрон. Фото: Thierry Monasse/Getty Images

Францияның қазіргі президенті Эммануэль Макрон алдағы президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның жазуынша, Макронның франциялықтарға жазған хаты Францияның БАҚ беттерінде жарық көрген.

"Мен ресупбликаның президенті ретінде жаңа мандатқа ие болу үшін сіздердің сенім артуларыңызды сұраймын. Мен президенттіке үміткермен...", - деп келтіреді басылым Макронның сөзін.

Айта кетейік, Франциядағы президенттік сайлаудың алғашқы кезеңі 10 сәуірде өтеді, екіншісі 24 сәуірге жоспарланған.

4 наурызға дейін кандидаттар елдің Конституциялық кеңесіне өзін қолдаған кем дегенде 500 лауазымды тұлғаның қолын жинап, өткізуі қажет. Ал 7 наурызда президентікке үміткерлердің нақты тізімі жарияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959209-senim-artularynyzdy-suraimyn-makron-ekinsi-ret-franciyanyn-prezidenti-boluga-nietti/

pixel