jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Бектенов президентке резонанс тудырған қылмыстық істер туралы есеп берді

    Тоқаев Олжас Бектеновті қабылдады
    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады. Президентке сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің биылғы атқарған жұмысының нәтижелері және резонанс тудырған қылмыстық істердің тексерілу барысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

    Ұсынылған деректерге сәйкес 2 айдың ішінде 240 адамның, оның ішінде республикалық және облыстық деңгейдегі 40 басшының сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екені әшкереленді. Олардың қатарында 1 вице-министр, 1 қала әкімі және облыстық басқармалардың 11 жетекшісі бар. Келтірілген шығынның орнын толтыру үшін күдіктілердің құны 5,4 миллиард теңге болатын мүлкіне тыйым салынды.

    Президентке сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің "тазалығын" қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы жөнінде баяндалды.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының іске асырылуы туралы мәлімет берілді.

    Салалық ведомство жетекшесінің айтуынша, ақпан айында парламент мәжілісі негізсіз байығаны үшін жауапкершілік туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Квазимемлекеттік сектордағы комплаенс қызметтерінің жұмысына, сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың дербес жауапкершілігі институтын жетілдіруге ерекше көңіл бөлінді.

    Бұдан бөлек қазіргі уақытта "follow the money" қағидаты бойынша қаржылық тергеуді дамытуға, пара беру жөнінде уәделесуге және пара ұсынуға қатысты қылмыстық жауапкершілікті енгізуге және сыбайлас жемқорлық үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған заңнамалық шаралар топтамасы пысықталып жатыр.

    Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектеновке сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыруға және сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

    Бектенов президентке резонанс тудырған қылмыстық істер туралы есеп берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.