jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Ресей мен Украина келіссөздерінің үшінші раунды аяқталды: Тараптар қандай шешімге келді

    Ресей мен Украина
    Фото: Maxim Guchek/Belta/AFP/Getty Images

    Беларусь аумағында Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің үшінші раунды өтті. Келіссөздер барысында гуманитарлық дәліздер тақырыбы көтерілді.

    Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында гуманитарлық дәліздердің логистикасын жақсартуда аздаған оң өзгеріс бар екенін мәлімдеді.

    Сондай-ақ ол атысты тоқтату, қауіпсіздікке кепілдік беру және басқа да негізгі саяси мәселелер тұрғысынан қарқынды консультациялар жалғасып жатқанын алға тартты.

    "Қазіргі уақытта жағдайды айтарлықтай жақсартатын нәтижелер жоқ", – деп сөзін түйіндеді Подоляк.

    Келіссөздер қорытындысын Ресей тарабы да ұсынды. Брифинг жазбасын ТАСС агенттігі Telegram-арнасында жариялады.

    Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединскийдің айтуынша, Украина делегациясымен гуманитарлық дәліздер мәселесі талқыланған. Ол бұл дәліздер 8 наурызда іске қосылады деп үміттенінін жасырмады.

    "Украина тарабы солай болатынына сендірді", – деп атап өтті Мединский.

    Сондай-ақ, ол саяси блок бойынша да талқылаулар өткенін мәлімдеді. Алайда, оның сөзінше, бұл тұрғыда "оң нәтиже туралы айтуға әлі ерте".

    Мединскийдің сөзінше, Ресей делегациясы Украинамен келіссөздерде нақты келісімге келгендей болған тармақтардың бір бөлігі бойынша ең болмағанда хаттамаға қол қойылады деп үміттенген.

    Бірақ Украина тарабы құжаттарды талқылау үшін өзімен алып кетіп, оған қол қоймады, дейді ол.

    "Шынымды айтсам, келіссөздерден күткен үмітіміз ақталған жоқ. Біз келесі жолы алға қарай маңызды қадам жасай аламыз деп үміттенеміз", – деп түйіндеді Мединский.

    Ол келіссөздер жалғасын табатынын жеткізді.

    Ресей мен Украина келіссөздерінің үшінші раунды аяқталды: Тараптар қандай шешімге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.