Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысы Экология департаментінің экс-басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Нұржан Аққұл
Нұржан Аққұл. Фото: instagram.com/akkulnurzhan

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат пайда болды. Бүгін өңірлік әкімдік ақпаратты растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Мендегі ақпарат бойынша экология департаментінің бұрынғы басшысы өткен жылдың желтоқсан айында кәсіпкерден 400 мың теңге бопсалап алды деген күдікке ілінген. Қазір ол тергеумен келісімге келіп, кінәсін мойындауда. Осыған байланысты ешқайда шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров.

Сондай-ақ, ол Нұржан Аққұл осы жылдың ақпан айында Экология министрінің бұйрығымен жұмыстан шығарылғанын атап өтті. Қазір ол жұмыссыз, ал департамент басшысының қызметі бос тұр.

Нұржан Аққұл Ақтөбе облысының бас экологы болып 2020 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істеген.

Еске сала кетсек, Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын жазған едік.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің дерегінше, Кентау қаласының әкімі 2022 жылғы 23 ақпанда өзінің сенімді тұлғалары арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аталған қалада автокөлік жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорынан 98 500 АҚШ доллары (42 млн 500 мың теңгеге баламалы) сомасында пара алған.

Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдар жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960050-aqtobe-oblysy-ekologiya-departamentinin-eks-bassysyna-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel