Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ринат Кертаев Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды

Опубликовано:

Ринат Кертаев
Ринат Кертаев. Фото: khabar.kz

Президент қаулысымен Ринат Кертаев Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы партияның Twitter желісіндегі парақшасында хабарланды.

"Партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қаулысымен AMANAT партиясының хатшысы болып Ринат Думанұлы Кертаев тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ринат Кертаев 1983 жылы 23 сәуірде дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Қоғаммен байланыс" және "журналистика" (магистратура) мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын "Хабар" агенттігі" АҚ Алматы филиалында продюсер болып бастаған. Агенттікте бірқатар қызмет сатыларынан өтіп, 2016 жылы "Хабар" арнасының директоры болып тағайындалды. Сондай-ақ, "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.

Еске сала кетсек, 1 наурызда өткен Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезінде мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Nur Otan партиясының атауын Amanat деп өзгертуді ұсынған болатын. Президент бұл ұсынысты қолдайтынын айтты.

Кейінірек, Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов партияның атауы ресми түрде Amanat деп өзгертілгенін хабарлап, жаңа логотипті жария етті.

2 наурызда Nur Otan партиясы Amanat партиясы ретінде қайта тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960087-rinat-kertaev-amanat-partiyasynyn-xatsysy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel