Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Корея Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады

Опубликовано:

Тоқаев пен Корея президенті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёльді Корея Республикасының президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, оған жеделхат жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Юн Сок Ёльге елінің өркендеу жолында табысты қызмет етуіне тілектестік білдірді.

"Еліңіздің баянды өркендеуін жалғастыруға, дүниежүзілік қауымдастықтағы беделін асқақтатуға бағытталған игі істеріңіз бен тың бастамаларыңыз әрдайым табысты болуына тілектеспін. Қазақстан мен Корея арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухында дамып жатқан кеңейтілген стратегиялық серіктестігімізді бүгіннен де биік белестерге көтеру мақсатында сізбен күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын", - деп жазылған құттықтау хатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёльдің аса жауапты қызметіне лайым сәттілік және достас корей халқына толассыз құт-береке тіледі.

Айта кетейік, 9 науызда Оңтүстік Кореяда президент сайлауы өтіп, нәтижесінде оппозициялық партияның өкілі Юн Сок Ель жеңіске жетті. Ол 48,56% дауыс жинаған.

Юн Сок Ель осыған дейін елдің бас прокуроры қызметін атқарған. Оның саясатпен айналысқанына көп уақыт бола қоймаған, ал қоғамда 2020 жылдан бастап танымал бола бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960124-toqaev-koreya-respublikasynyn-zanadan-sailangan-prezidentin-quttyqtady/

pixel