jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    БАҚ: Жириновский медикаментозды ұйқыдан оянып, есін жиды

    Владимир Жириновский
    Владимир Жириновский. Фото: Alexander Nemenov/AFP/Getty Images

    Ресей либералды-демократиялық партиясының басшысы Владимир Жириновский медикаментозды ұйқыдан оянып, есін жиды. Қазір ол көмекшілерінен құжаттарды қабылдап жатыр, деп жазады дереккөзге сілтеме жасаған ТАСС агенттігі.

    "Жириновский медикаментозды ұйқыдан оянды. Ол қайта құжат қабылдауда", -деп хабарлады дереккөз.

    Сондай-ақ, бұл шара ағзаны қолдау үшін ұдайы қабылданатыны атап өтілді.

    9 ақпан күні Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі Жириновскийден коронавирус анықталған соң оны Орталық клиникалық ауруханаға жатқызғанын хабарлаған еді.

    Ведомство дерегінше, РЛДП басшысы медициналық мекемеге 2 ақпан күні түскен.

    Осы уақытқа дейін оның жағдайы тұрақты деп бағаланған еді. Ал РЛДП өкілдері партия басшысы ауруынан айығып, жұмысын жалғастырып жатқанын айтқан болатын.

    Дегенмен, аты аталмаған дереккөздерге сілтеме жасаған Telegram-арналар дденсаулығы нашарлағанын хабарлап жүрді.

    БАҚ: Жириновский медикаментозды ұйқыдан оянып, есін жиды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.