Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ұлттық банк төрағасының орынбасарын ауыстырды

Опубликовано:

Ұлттық банк
Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкте кадрлық тағайындаулар жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан президенті қол қойған ресми құжаттар Ақорда сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Есжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды";

"Мемлекет басшысының өкімімен Виталий Алексеевич Тутушкин Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген құжат мәтінде.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдаған болатын.

Президентке ұлттық газ компаниясының қазіргі жұмысы туралы және ішкі нарықты тауарлы газбен қамтамасыз етуге басымдық беру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы баяндалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960297-toqaev-ulttyq-bank-toragasynyn-orynbasaryn-auystyrdy/

pixel