Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүлейменова мен Тохтасуновтың депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтады

Опубликовано:

Зульфия Сүлейменова
Фото: www.parlam.kz/

Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында Зульфия Сүлейменова мен Владимир Тоқтасуновтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуын бірауыздан қолдап, дауыс берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов AMANAT партиясынан Зульфия Сүлейменова және Қазақстан халқы Ассамблеясынан Владимир Тохтасунов мәжіліс депутаты міндетін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш бергенін хабарлады.

Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы екі депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәжіліске ұсыныс енгізді.

Төменгі палата депутаттары шешімді бірауыздан қолдап, дауыс берді.

Одан бөлек, мәжіліс қатары екі жаңа депутатпен толықты. Нақтыласақ Гаухар Нұғманова жаңадан сайланған депутат ретінде Қазақстан халқына қызмет етуге ант берді. Ол мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.

Сондай-ақ, депутаттар қатарына Магеррам Магеррамов қайта оралды.

Бұған дейін Владимир Тохтасуновтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғаны туралы жазылған болатын.

"Конституцияның 52-бабына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутаты Владимир Тохтасуновтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп қаулы етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960550-suleimenova-men-toxtasunovtyn-deputattyq-okilettigi-merziminen-buryn-toqtady/

pixel