Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрікменстандағы президент сайлауында Сердар Бердімұхамедов жеңіске жетті

Опубликовано:

Сердар Бердімұхамедов
Сердар Бердімұхамедов. Фото: РИА Новости / Александар Астафьев

Түрікменстанда өткен кезектен тыс президенттік сайлауда қазіргі мемлекет басшысының ұлы Сердар Бердімұхамедов жеңіске жетті. Бұл туралы Түрікменстанның сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясы ресми сайтында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Хабарламада сайлауда 72,97 пайыз дауыс жинаған Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Гурбангулыевич Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болып сайланғаны айтылған.

Айта кетейік, Түрікменстандағы кезектен тыс президенттік сайлау 12 наурыз күні өтті. Ел президенттігіне 9 адам үміткер болды.

Сайлау күні дауыс беруге құқығы бар азаматтар сағат 07:00 мен 19:00 аралығында дауыс беруге белсенді түрде атсалысқан.

Елде тіркелген 3 460 080 сайлаушының 3 362 052-сі немесе сайлаушылардың 97,17 пайызы дауыс берген.

Ал Сердар Бердымұхамедовке келсек, ол 1981 жылы Ашхабад қаласында дүниеге келген. Ниязов атындағы Түрікменстан ауылшаруашылық университетін "инженер-технолог" мамандығы бойынша бітірген.

2008-2011 жылдары Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында білім алып, "халықаралық қатынастар" мамандығын меңгерген.

Әр жылдары ол түрлі лауазымды қызметтерді атқарған. 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Түрікменстан премьер-министрінің орынбасары болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960791-turikmenstandagy-prezident-sailauynda-serdar-berdymuxamedov-zeniske-zetti/

pixel