Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы партияларды тіркеу рәсімі жеңілдейтінін айтты

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында елімізде партияларды тіркеу рәсімі жеңілдейтінін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Партияларды тіркеу процедуралары айтарлықтай жеңілдетілмек.

Партияларды тіркеу шегін 20 мың адамнан 5 мыңға дейін төрт есеге азайту керек.

Олардың өңірлердегі өкілдіктерінің минималды саны үш есеге - 600-ден 200 адамға дейін азаяды. Партия құру үшін қажетті бастамашыл азаматтар тобының минималды саны 1000-нан 700-ге дейін, яғни шамамен үш есеге азаймақ", - деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын бастағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960973-memleket-bassysy-partiyalardy-tirkeu-rasimi-zenildeitinin-aitty/

pixel