Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сайлауалды уәдесін орындамаған депутаттар мандатынан айырылады

Опубликовано:

депутаттар
Көрнекі фото: pexels.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында сайлау алдындағы уәделерін орындамайтын депутаттарға ескерту жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сайлау алдындағы бағдарламасын орындамаған депутаттар өз мандатынан айырылады", - деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел парламентінің рөлін күшейтіп, суперпрезиденттік басқару түрінен бас тартуды ұсынған болатын.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы мәжілісте Қазақстан халқы ассамблеясының квотасын жоятынын мәлімдеді. Осылайша мәжілістегі депутаттық орындар қысқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961001-prezident-sailaualdy-uadesin-oryndamagan-deputattar-mandatynan-aiyrylady/

pixel