Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Әкімдердің орынбасары үшеуден артық болмауы керек

Опубликовано:

қызметкер
Көрнекі фото: pexels.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында әкімдердің орынбасары үшеуден көп, ары кетсе төртеуден артық болмауы керегін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Әкім орынбасарларының саны үштен, тек кей жағдайда төрттен аспауы керек. Бұл мәселені Президент әкімшілігі бақылауға алуы қажет", - деді мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, әкімдердің мәслихатта қаралған нәтижелерді ескере отырып тағайындалатыны хабарланған болатын.

Президент облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімі лауазымына баламалы негізде кемінде екі кандидатура ұсына алады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау алдындағы уәделерін орындамайтын депутаттарға ескерту жасаған болатын.

"Сайлау алдындағы бағдарламасын орындамаған депутаттар өз мандатынан айырылады", - деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961029-toqaev-akimderdin-orynbasary-useuden-artyq-bolmauy-kerek/

pixel