Тоқаев Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялауға атсалысқан дипломаттарды марапаттады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмыстарын сәтті ұйымдастырғаны үшін дипломаттарды мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.
ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен
- Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Калетаев Дархан Аманұлы;
І дәрежелі "Айбын" орденімен
- Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі Қызыр Думан Манарбекұлы;
ІІ дәрежелі "Достық" орденімен
- Харьков қаласындағы қазақ диаспорасының жетекшісі, Украина Қаражанова Макка Сағынғалиқызы;
- Қазақстан Республикасының Львов қаласындағы құрметті консулы, Украина Маслюк Галина Дмитриевна;
"Құрмет" орденімен
- Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі (консулдың міндетін атқарған) Әлібеков Аслан Аманжолұлы;
"Ерен еңбегі үшін" медалімен
- Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Жаманқұлов Рүстем Тұңғышбайұлы;
- Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігінің атташе – консулы Кагенов Азамат Мағжанұлы;
- Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің екінші хатшысы – консулы Маманов Дархан Серікұлы;
- Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы – консулы Сәбитұлы Бекзат;
"Шапағат" медалімен
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің департамент директорының орынбасары Амангелдин Руслан Берекеұлы;
- Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі консулының көмекшісі Денисенко Анна Владимировна;
- Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің екінші хатшысы Қаржаубаев Азамат Құдайбергенұлы;
- Қазақстан Республикасындағы волонтерлік корпустың жетекшісі Тұяқбаев Шыңғыс Ермекұлы наградталды.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961313-toqaev-ukrainadagy-qazaqstandyqtardy-evakuaciyalauga-atsalysqan-diplomattardy-marapattady/