Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркия Сыртқы істер министрі: Путин Зеленскиймен кездесуге қарсы емес

Опубликовано:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: kremlin.ru

Ресей президенті Владимир Путин Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесуге қарсы емес екенін мәлімдеген, деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, бұл туралы Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу бүгін өткен баспасөз конференциясында хабарлаған.

Чавушоглуның сөзінше, Түркия Ресей мен Украина президенттерінің кездесуін ұйымдастыру үшін бар күшін салады.

"Соғыс басталғанға дейін бізде мұндай талпыныс болды. Жалпы алғанда, Путин біздің президентімізбен телефон арқылы келіссөздер жүргізу кезінде мұндай кездесуге қарсы емес екенін мәлімдеді... Украиналық тарап дайын", - деп келтіреді басылым Түркия СІМ басшысының сөзін.

Осы ретте, Чаушоглу Беларусьте техникалық келіссөздер жүріп жатқанын еске салды.

"Екінші жағынан, біз де қолдайтын басқа арналардың талпыныстары бар", - деді ол.

Еске сала кетсек, Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесші Михаил Подоляк Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер туралы айтқан болатын.

Подоляктың сөзінше, Ресей делегациясымен келіссөздер видеоформатта үздіксіз жалғасуда. Сонымен қатар, келіссөздер процесі кезінде жұмыс топтары құрылған. Оның сөзінше, тараптар он шақты ұсыныс дайындаған.

"Өзара құқықтық форматтар пысықталғаннан кейін кездесу – келіссөздердің төртінші раунды белгіленеді. Бұл ертең немесе арғы күні болуы мүмкін", - дейді президент кеңсесі басшысының кеңесшісі.

Оның айтуынша, тараптар барлық негізгі ұстанымдар келісілгенге дейін келіссөздердің мазмұнына қатысты пікір білдірмеуге уағдаласқан

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960449-turkiya-syrtqy-ister-ministri-putin-zelenskiimen-kezdesuge-qarsy-emes/

pixel