Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғани Бейсембаев Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Ғани Бейсембаев
Ғани Бейсембаев. Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған. 

  • 1989-1990 жылдары қазақ тілі мұғалімі болды;
  • 1990-1995 жылдары орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
  • 1995-1997 жылдары орта мектеп директоры;
  • 1997-2000 жылдары БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі;
  • 2000-2001 жылдары Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы;
  • 2001-2006 жылдары қосымша білім беру орталығының директоры;
  • 2006-2020 жылдары халықаралық білім беру орталығының бас директоры;
  • 2006-2007 жылдары техникалық-экономикалық колледж директоры;
  • 2020 жылы БҒМ "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры қызметтерін атқарған.

Ал 2020 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болып жұмыс істеген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961404-gani-beisembaev-bilim-zane-gylym-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel