Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Берік Уәли президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды

Опубликовано:

Берік Уәли
Фото: qazaqstan.tv

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Берік Уәли мемлекет басшысының баспасөз хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды", - делінген құжатта.

Берік Уәли 2019 жылғы наурызда мемлекет басшысының өкімімен президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалған еді.

Сонымен қатар 2019 жылдың қыркүйек айында "ҚР Президентінің телерадиокешені" КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Ал бүгін, 29 наурызда Берік Уәли "Хабар" агенттігі акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалғаны белгілі болды.

Берік Уәли 1977 жылы дүниеге келген.

Ол Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын "кинотанушы" мамандығы бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын "журналистика" мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын "Таң" телеарнасының тілшісі болып бастап, әр жылдары "31 арна", "Хабар", "Qazaqstan" телеарналарының редакторы және жүргізушісі болған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Нұр Медиа" медиа орталығын басқарған.

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ОҚО Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, Жамбыл облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы, "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі және ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1962591-berik-uali-prezidenttin-baspasoz-xatsysy-lauazymynan-bosatyldy/

pixel