Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Берік Уәли "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды

Опубликовано:

Берік Уәли
Берік Уәли. Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Берік Уәли "Хабар" агенттігі акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін ол президентінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Берік Уәли 1997 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын "кинотанушы", 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін "журналистика", 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін "құқықтану" мамандықтары бойынша бітірген.

  • 1997-2012 жылдары – "Хабар" агенттігі акционерлік қоғамының, "ТАҢ" телекомпаниясының, "НТК" телеарнасының, "31 канал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің журналисті, ақпараттық бағдарламаларының редакторы, "Нұр Медиа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі.
  • 2012-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы, ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы.
  • 2015-2016 жылдары – "Нұр Отан" партиясы төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі.
  • 2016-2018 жылдары – нвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры.
  • 2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы.
  • 2019 жылы наурызда мемлекет басшысының өкімімен президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Берік Уәли - "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1962529-berik-uali-xabar-agenttiginin-basqarma-toragasy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel