Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әшімбаев президентке сенаттың жолдауды жүзеге асыру жөнінде атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мәулен Әшімбаев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мәулен Әшімбаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа ТМД-ға мүше мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуына орай Алматыда өткен мерейтойлық жиынның қорытындылары туралы баяндалды.

Сенат төрағасы мемлекет басшысына биыл қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындық жұмыстары туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі кезеңде заманымыздың ең өзекті мәселелері бойынша сындарлы диалогты қамтамасыз ететін қазақстандық форумға әмбебап әрі жаһандық дінаралық диалог алаңы мәртебесін алу маңызды міндет екенін атап өтті.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев президентке палатаның Қазақстан халқына жолдаудағы негізгі бағыттарды жүзеге асыру жөніндегі заң шығару жұмыстары туралы да айтты.

Мемлекет басшысы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды заңнамалық тұрғыда сапалы қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ сенат спикері президентке депутаттардың өңірлерге сапарларының қорытындылары туралы ақпарат берді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1963026-asimbaev-prezidentke-senattyn-zoldaudy-zuzege-asyru-zoninde-atqaryp-zatqan-zumystary-turaly-aitty/

pixel