Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев алдағы айда Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу барысында президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы өзара іс-қимылды нығайтуға баса назар аудара отырып, қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігінің даму перспективаларын талқылаған.

Сондай-ақ мемлекет басшысы биылғы мамыр айында Қырғызстанға жасайтын мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікке сөзсіз тың серпін беретінін атап өткен.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Құмтөр алтын кен орнының мәртебесі туралы келіссөздердің сәтті аяқталуымен құттықтады.

Бұдан бөлек президенттер бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен, Қатар әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлескен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1963801-toqaev-aldagy-aida-qyrgyzstanga-memlekettik-saparmen-barady/

pixel