Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Тамара Дүйсенова
Тамара Дүйсенова. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының жарлығымен Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын", - делінген құжатта.

Тамара Дүйсенова Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген, мамандығы - инженер - экономист. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1988 жылы институтты аяқтағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған.

Әр жылдары ОҚО Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі, "Перизат-холдинг" компаниясының бөлім басшысы, Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған.

Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы, вице министрі және министрі, сондай-ақ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, Nur Otan париясының хатшысы сынды лауазымды қызметтер атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1964415-tamara-duisenova-enbek-zane-xalyqty-aleumettik-qorgau-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel