Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанат Саматқызы "Жасыл Даму" АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті

Опубликовано:

Жанат Саматқызы
Жанат Саматқызы. Фото: Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Жанат Саматқызы "Жасыл Даму" АҚ басқарма төрағасы лауазымынан босатылды. Ақпаратты NUR.KZ тілшісіне Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі растады.

"Кешеден бастап басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жанат Саматқызы "Жасыл Даму" Ақ басқарма төрағасы қызметінен босатылды", - дейді ЭГТРМ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев.

Айта кетейік, Жанат Саматқызы аталған лауазымға 2022 жылғы 1 ақпанда тағайындалған болатын.

Ол 1980 жылы Ақтау қаласында өмірге келген.

2001 жылы Есенов атындағы Ақтау университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2001 жылы Салық комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ірі салық төлеушілерді талдау және мониторинг жүргізу бөлімінің бас салық инспекторы болып бастаған.

Әр жылдары облыстық Салық комитетінде келіспеушіліктер және кеңес беру бөлімінің, жеке тұлғаларды тексеру бөлімінің, жер қойнауын пайдаланушыларды тексеру бөлімінің бас салық инспекторы болып қызмет еткен.

Сондай-ақ Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, кейін "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Қызылордадағы "Байқоңыр" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы, Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2020 жылдан 2022 жылға дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы "Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК бас директоры болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1964782-zanat-samatqyzy-zasyl-damu-aq-basqarma-toragasy-qyzmetinen-ketti/

pixel