Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Президенттің бұрынғы кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" қорының сайты.
"ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының шешімімен Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды", — делінген хабарламада.
Айта кетерлігі бүгін, 14 сәуірде Мағзұм Мырзағалиев Президент кеңесшісі қызметінен босатылғаны белгілі болды.
Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада туған. 1999 жылы "Тұран" университетін "халықаралық экономист" мамандығы бойынша, 2003 жылы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын "халықаралық экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Сондай-ақ Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің "мұнай-газ кен орындарын игеру" мамандығы бойынша бітірген.
АҚШ-та және Малайзияда тағылымдамадан өткен.
2001 - 2004 жылдары Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында MIDrillingFluidsInternational (Schlumberger) компаниясының бұрғылау ерітінділері бойынша инженері.
2004 - 2007 жылдары "MIDrillingFluidsInternational" компаниясының Ақтау қаласындағы филиалында бизнесті дамыту бойынша менеджер, өндіріс бойынша менеджер, филиал басшысы.
2007-2010 жылдары "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «ТеңізСервис» ЖШС Бас директоры.
2010-2012 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның басқарушы директоры.
2012-2013 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК» АҚ Басқарма төрағасының инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары.
2013-2014 жылдары – ҚР Мұнай және газ вице-министрі.
2014-2019 жылдары – ҚР Энергетика вице-министрі.
2019-2021 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі. 2021-2022 жылдары – ҚР Энергетика министрі.
2022 жылғы қаңтардан бастап ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1964997-myrzagaliev-qazmunaigaz-ulttyq-kompaniyasynyn-basqarma-toragasy-bolyp-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.