Бұрынғы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев президент кеңесшісі болды

Опубликовано:

министр
Мағзұм Мырзағалиев. Фото: Экология министрлігі

Бұрынғы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген президент жарлығында.

Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1999 жылы "Тұран" университетін экономист мамандығы бойынша, 2003 жылы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар экономисті мамандығы бойынша тәмамдаған.

2002-2004 жылдары Хьюстон (АҚШ) және Куала-Лумпур (Малайзия) қалаларының тағылымгері болған.

Әр жылдары Ақмола облыстық орман басқармасының қаржы және экономикалық талдау бөлімінің бас маманы, MI Drilling Fluids International Атырау бөлімшесінің техника қауіпсіздігі менеджері, "MI Drilling Fluids International" Ақтау бөлімшесінің өндіріс бойынша менеджері, "ТеңізСервис" ЖШС бас директоры, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ сервистік жобалар мен инновациялық даму жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Кейін Мұнай және газ вице-министрі, Энергетика вице-министрі және Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болды.

Ал 2021 жылғы қыркүйек айы мен 2022 жылғы 5 қаңтар аралығында Энергетика министрі қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950968-buryngy-energetika-ministri-magzum-myrzagaliev-endi-prezident-kenessisi-bolady/

jitsu gif