Тоқаевтың баспасөз хатшысы болып тағайындалған Руслан Желдібай туралы не білеміз (фото)
Жарияланған күні:
Руслан Желдібай президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Ұлыбританиядағы Уорик университетін бітірген.
"Болашақ" бағдарламасының түлегі.
Еңбек жолын 2012 жылы "Қазақстан" телеарнасында редактор болып бастаған.
2012-2018 жылдары "Алматы" телеарнасында бөлім басшысы, продюсер болған.
2018-2019 жылдары Ақпарат және коммуникациялар комитетінің интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы, басшысы лауазымын атқарған.
2019-2020 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет еткен.
2020-2022 жылдары президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
2022 жылғы ақпаннан бастап премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары лауазымын атқарды.
Айта кетейік, бүгін, 14 сәуірде мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан республикасы президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.
Осыған дейін бұл қызметті Берік Уәли атқарған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1965022-toqaevtyn-baspasoz-xatsysy-bolyp-tagaiyndalgan-ruslan-zeldibai-turaly-ne-bilemiz-foto/