Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болып сайланды
Жарияланған күні:
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Amanat партиясының кезектен тыс XXIII съезінде партия төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Мен партия төрағасы лауазымына Ерлан Жақанұлы Қошановты ұсынамын. Оны баршаңыз жақсы білесіздер. Ерлан Жақанұлының ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәжірибелі әрі білікті азамат", - деді мемлекет басшысы.
Осыдан кейін делегаттар дауыс беріп, Ерлан Қошановтың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Өз кезегінде мәжіліс төрағасы өзіне артылған сенім үшін алғыс айтты.
"Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізге және әріптестеріме сенім білдіргендеріңіз үшін тағы да рахмет айтамын", - деді ол.
Айта кетейік, бүгінгі съезд барысында президент Amanat партиясының төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1966875-erlan-qosanov-amanat-partiyasynyn-toragasy-bolyp-sailandy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.