Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл қадамның символдық мәні бар": Президент Amanat партиясынан шыққанын мәлімдеді

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясының төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы президент партияның кезектен тыс XXIII съезінде айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгіннен бастап "Аманат" партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым.

Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда, президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтамын.

Сондай-ақ жауапты сәтте партия тізгінін сеніп тапсырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін" , - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Amanat партиясының кезектен тыс XXIII съезі Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатыр. Съездге әр өңірден келген делегаттар қатысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1966872-prezident-buginnen-bastap-amanat-partiyasynyn-toragasy-retinde-okilettigimdi-toqtatamyn/

pixel