Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды. Бұл туралы президент Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында айтты.

"Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын парламент қарайды деп ойлаған едік. Бұл – қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді.

Сондықтан, мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешу мәселесіне тікелей қатысуға мүмкіндік беріп, жан-жақты демократияландыру мен Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бағытымызды нығайта түседі деген пікірде.

Айта кетейік, Ақордада президенттің төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1967409-toqaev-ata-zanga-ozgerister-men-tolyqtyrular-engizu-zoninde-respublikalyq-referendum-otkizudi-usyndy/

pixel