Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстан үкіметі мен Түркі академиясы арасындағы келісімді ратификациялады

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті "Қазақстан республикасының үкіметі мен Түркі вкадемиясы арасындағы Түркі академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Түркі Академиясы арасындағы Түркі академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан республикасының заңына қол қойды", - делінген құжат мәтінінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан республикасының заңына қол қойғанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы құжатқа қол қойған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1967849-toqaev-qazaqstan-ukimeti-men-turki-akademiyasy-arasyndagy-kelisimdi-ratifikaciyalady/

pixel