Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қапшағай қаласына ресми түрде Қонаевтың есімі берілді

Опубликовано:

Қапшағай
Фото: facebook.com/akimatkapshagay

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

"Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес қаулы етемін: Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын", - делінген құжат мәтітінде.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірқатар заңға қол қойғанын жазған едік.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Түркі академиясы арасындағы Түркі академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" заңдар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1967846-qapsagai-qalasyna-resmi-turde-qonaevtyn-esimi-berildi/

pixel