Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эльдар Жұмағазиев Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды

Опубликовано:

Эльдар Жұмағазиев
Эльдар Жұмағазиев. Фото: t.me/AMANATPartiyasy

Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың қаулысымен Эльдар Тынышбайұлы Жұмағазиев партияның хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы партия Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Эльдар Жұмағазиев 1973 жылы 12 мамырда дүниеге келген. Атырау Мұнай және газ институтының түлегі. 2007 жылы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

1996 жылдан 2002 жылға дейін коммерциялық компанияларда басшылық қызметтер атқарған.

2002-2006 жылдары Атырау облысы ішкі саясат департаментінің бөлім басшысы болған.

2006-2011 жылдары "Атырау-Ақпарат" медиахолдингін, 2011-2012 жылдары Атырау облысының ішкі саясат басқармасын басқарған.

2014 жылдан бастап "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасында түрлі қызметтер атқарған. Атап айтқанда, басқарма төрағасының кеңесшісі, аппарат басшысы, басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған.

2020 жылдың қараша айынан бастап жаңа қызметіне дейін Adal партиясының хатшысы қызметін атқарған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Adal партиясы Amanat партиясының құрамына енгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1968024-eldar-zumagaziev-amanat-partiyasynyn-xatsysy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel