Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Adal партиясы Amanat партиясының құрамына енді

Опубликовано:

Adal партиясының кезектен тыс IX съезі
Adal партиясының кезектен тыс IX съезі. Фото: instagram.com/adal_partiasy

Adal партиясы Amanat партиясымен бірікті. Бұл туралы Amanat партиясының кезектен тыс XXIII съезінде хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айта кетейік, наурыз айында Adal партиясының саяси кеңесі Amanat партиясының құрамына қосылу туралы шешім қабылдағанын мәлім еткен еді.

Партия хатшысы Эльдар Жұмағазиевтің сөзінше, партия мүшелері Жаңа Қазақстанды құруға белсенді қатысып, еліміздегі оң өзгеріске үлес қосқысы келеді.

Сонымен бірге бүгінгі съезде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясының төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Amanat партияның кезектен тыс XXIII съезінде Ерлан Қошанов партия төрағасы болып сайланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1966879-adal-partiyasy-amanat-partiyasynyn-quramyna-endi/

pixel