Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лукашенко Тоқаевты туған күнімен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенко
Фото: Ақорда

Беларусь президенті Александр Лукашенко мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, ақ тілегін жолдады. Бұл туралы Беларусь президентінің ресми сайтында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сіздің жасампаз және көп жоспарлы қызметіңіз, белсенді өмірлік ұстанымыңыз және бай басқару тәжірибеңіз қуатты және гүлденген Қазақстанды құруға, оның тұрғындарының әл-ауқатының өсуін қамтамасыз етуге бағытталған", - делінген құттықтау мәтінінде.

Лукашенко екі ел халқының мүддесіне сай келетін Минск пен Нұр-Сұлтан арасындағы дәстүрлі достық байланыстардың тереңдей түсетініне сенім артатынын атап өткен.

Сондай-ақ Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, бейбітшілік, жақсылық пен оның барлық жоспарының орындалуын тіледі.

Айта кетейік, бүгін, 17 мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 69 жасқа толып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1969640-lukasenko-toqaevty-tugan-kunimen-quttyqtady/

pixel