Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкімет басшысы Қазақстанда 5G енгізу бойынша тапсырма берді

Опубликовано:

ғаламтор
Көрнекі фото: pixabay.com

Премьер-министр Әлихан Смайылов цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Жиын барысында Қазақстанда 5G енгізу мәселесі де көтерілді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Күн тәртібінің кезекті мәселесін қарау кезінде қазіргі уақытта Қазақстанда 5G/IMT бесінші буындағы ұялы байланыс стандартын енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылы жеке операторларға Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласында 5G технологиясын тестілеу құқығы берілген.

Жүргізілген сынақтар жақсы нәтиже көрсеткен.

Осы орайда Әлихан Смайылов 5G желілері үшін жиіліктерді бөлу тетіктерін қосымша пысықтауды және жаңартылған ұсыныстарды комиссияның қарауына қайта енгізуді тапсырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Қазақстанда 5G қашан енгізіледі" деген сауалға жауап берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1971002-ukimet-bassysy-qazaqstanda-5g-engizu-boiynsa-tapsyrmalar-berdi/

pixel