Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев АҚШ президентіне көңіл айтты

Опубликовано:

Мемлекет басшысы11
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Байденге Техас штатының Увальде қаласындағы Робб бастауыш мектебінде болған атыс салдарынан мектеп оқушылары мен басқа да азаматтардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған.

"Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Мен техастықтардың және сіздің барлық отандасыңыздың қайғысына ортақтасамын", - делінген Қазақстан президентінің жеделхатында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Техас штатындағы бастауыш мектепте атыс болып, салдарынан 18 бала мен үш ересек адам қазақ тапқанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1971014-toqaev-aqs-prezidentine-konil-aitty/

pixel