Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысының Қырғызстанға ресми сапары аяқталды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары аяқталды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысының Қырғызстанға ресми сапары аяқталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Бішкек әуежайынан Қырғызстан президенті Садыр Жапаров шығарып салды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін, 26 мамырда мемлекет басшысы президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғызстанға ресми сапармен барған болатын.

Тоқаев Бішкекте Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты.

Оған қоса, Бішкекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1971231-memleket-bassysynyn-qyrgyzstanga-resmi-sapary-ayaqtaldy/

pixel