Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласында бірқатар кездесу өткізді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласында бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаған Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені және танымал кәсіпкер әрі меценат Рашид Сәрсеновті қабылдады.

Мемлекет басшысына Kaspi.kz құрылтайшылары халықаралық деңгейде танымал финтех компаниясының қазіргі қызметі мен одан әрі даму перспективаларының жоспары туралы мәлімет берді.

Рашид Сәрсеновпен кездесу барысында отандық кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері, соның ішінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жұмыс сапарымен келгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1971898-qasym-zomart-toqaev-almaty-qalasynda-birqatar-kezdesu-otkizdi/

pixel