Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Бақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі болды. Бұл туралы ЕЭО ресми сайтында хабарлады.

"Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Бекетаев Руслан Бақытжанұлы тағайындалған кезде белгіленген өкілеттіктің қалған мерзіміне Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев 2019 жылдан осы жылдың 31 қаңтарына дейін Алматы қаласының әкімі болды.

Бақытжан Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда дүниеге келген. 1985 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "экономист" мамандығы бойынша тәмамдады. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономика кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

Әр жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агенттік төрағасының орынбасары, "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" ЖАҚ Басқарма төрағасы, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агенттік төрағасының орынбасары болды.

Сондай-ақ Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы, премьер-министр кеңсесінің басшысы, Павлодар облысының әкімі болып жұмыс істеді.

Одан бөлек Экономикалық даму және сауда министрі, "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары, премьер-министрдің бірінші орынбасары, Өңірлік даму министрі, премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымдарын атқарды.

2016 жылы Бақытжан Сағынтаев премьер-министр болып тағайындалып, бұл қызметте екі жарым жыл еңбек етті. Содан кейін мемлекеттік хатшы, Президент әкімшілігінің басшысы қызмет етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1972013-almatynyn-eks-akimi-baqytzan-sagyntaev-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel