Бүгін Тоқаев референдумға байланысты халыққа үндеу жасайды

Опубликовано:

Президент11
Фото: Ақорда

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні өтетін референдумға байланысты Қазақстан халқына бейнеүндеу жасайды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми каналында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі сағат 16.00-де республикалық телеарналар арқылы көрсетіледі.

Еске сала кетейік, республикалық референдум елімізде 5 маусымда өтеді.

Осыған байланысты еліміздің Бас прокуратурасы да халыққа үндеу жасаған болатын.

Ведомство конституцияға (83-бап) сәйкес, прокуратура органдары референдумға дайындық пен оны өткізудің барлық сатыларында заңдылықтың сақталуын қатаң қадағалауды қамтамасыз етіп жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар ведомство заңдылықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында азаматтарды, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарын қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1972439-bugin-toqaev-referendumga-bailanysty-xalyqqa-undeu-zasaidy/

jitsu gif