Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура алдағы референдумға қатысты қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Сайлау
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Осы жексенбі, 5 маусым күні Қазақстанда Ата заңға түзетулер енгізу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлады ведомствоның ресми сайты.

Бас прокуратура өкілі 4 маусым сағат 00:00-де референдум алдындағы үгіт-насхиат жұмыстарын жүргізу аяқталатынын айтты.

"Референдум алдындағы күні және ол өткізілетін күні, яғни 4 және 5 маусымда үгіт-насихатқа, оның ішінде қоғамдық сауалнама нәтижелерін немесе референдум нәтижелерінің болжамын жариялауға тыйым салынады", - деді Дембаев.

Бұл ережені бұзғандар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Бас прокурордың орынбасары қазақстандықтарға екі рет дауыс беруге немесе басқа сайлаушының орнына дауыс беруге қатаң тыйым салынғанын еске салды.

Референдумның учаскелік комиссия мүшелері басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік беру мақсатында бюллетеньдер ұсынғаны үшін жауапқа тартылады.

"Конституцияға (83-бап) сәйкес, прокуратура органдары референдумға дайындық пен оны өткізудің барлық сатыларында заңдылықтың сақталуын қатаң қадағалауды қамтамасыз етуде.

Бас прокуратура заңдылықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында азаматтарды, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарын қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға шақырады.

Заң талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда шара қабылдау үшін прокуратура органдарына дереу хабарлауды сұраймыз",- деді Дембаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972418-bas-prokuratura-aldagy-referendumga-qatysty-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/

pixel